Соның ішінде, 800-ден астам камера адамдардың бет-бейнесін түсіре алады
Ақмола облысына қарайтын Қосшы қаласына «Сергек» камералары орнатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Компанияның мәліметіне сүйенсек, ілкі жоба аясында 1000 камера орнатылған.
«Пилоттық жоба аясында қалада оптикалық байланыс арналары арқылы қосылған 1000 бейнебақылау камерасы орнатылды. Оның ішінде 872-ден астамы – бейнеаналитикасы бар қоғамдық қауіпсіздік камералары, сондай-ақ жолдарда 24 аппараттық-бағдарламалық кешенге біріктірілген 128 камера жұмыс істейді», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Осы камераларды 10 орталық басқарады.