Қазақстанда тәулігіне 772 мың дана бетперде өндіріледі
Медициналық бетперделер және залалсыздандыру құралдарының өндірісі туралы
2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша елімізде тәулігіне 772 мың дана бетперде өндіріледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.
«Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар – 567 мың, тігін кәсіпорындары 204 мың дана өндірді. Қоймаларда 4 млн-нан астам бетперде бар. Тиісті ақпарат «СҚ-Фармация» ЖШС-іне беріліп тұрады. Өз кезегінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі», - делінген хабарламда.
Бүгінде дәке және бөзден тігілген бетперделер атқарушы органдармен жасалған шарт негізінде жеткізіледі.
«Қазіргі кезде бетперделер өндірісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қатаң бақылауына алынды. Қосымша өндірісті іске қосу және өндірісті кеңейту нәтижесінде, бетперделер өндірісінің көлемі тәулігіне 1 млн данаға жетті», - делінген хабарламда.
Залалсыздандыру құралдарына келсек, осы жылдың 30 маусымында 63 350 литр залалсыздандыру құралдары шығарылды. Қоймада 331 576 литр, тұтынушыларға көшелер мен үй-жайларды тазалау үшін және дәріхана желілеріне 56 730 литр жөнелтілді.
Анықтама үшін: Фармацевтикалық кәсіпорындар: "Dolce" ЖШС (Алматы обл.) 178 675 дана/тәулік, "Medical Active Group" ЖШС (Алматы қ.) 3000 дана/тәулік, "MegaPharma" ЖШС (Жамбыл обл.) 50 000 дана/тәулік, "ТК-Фарм Ақтөбе" ЖШС (Ақтөбе қ.) 40 000 дана/тәулік, "Ecos" ЖШС (Алматы қ.) 2 000 дана/тәулік, «Bizhon» ЖШС (Шымкент қ.) 66 500 дана/тәулік, "Болашақ 2019" ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) 45 000 дана/тәулік," Vita Pharma " ЖШС (Нұр-Cұлтан қ.) 2 000 дана/тәулік, BIONIC-PRO ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) 180 000 дана/тәулік.