«Балаларға жұғатын вирус шашады»: WhatsApp мессенджері арқылы fake таратқандар іздестіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай қауесеттерге сенбеуге шақырды

Соңғы бірер күннен бері әлеуметтік желілер және WhatsApp мессенджері арқылы «ауаға қауіпті вирустың шашылатыны, оның балаларға тез жұғатыны» туралы ақпарат тарады. Денсаулық сақтау министрлігі мұның жалған екенін мәлімдеді.

«Түнгі сағат 02:00-де ауаға қауіпті заттың шашылатыны, оның балаларға ауыр әсер ететіні туралы ақпарат әлеуметтік желілерде кең тарап кетті. Денсаулық сақтау министрлігі аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ескертеді. Қауесетке сенбей, тек ресми ақпаратқа жүгінуге шақырамыз», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, жалған ақпарат таратқан азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабымен жауапқа тартылады.