«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат жұмыстары Павлодарда жалғасты
Партия белсенділері өңірдегі бірнеше кәсіпорынға барды
Бүгін «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат жұмыстары Павлодар қаласында жалғасты. Партияның Павлодар облыстық штабының белсенділері өңірдегі бірнеше кәсіпорында болып, сайлаушылармен кездесті.
Партия белсенділері алдымен «Жана Роса» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігін аралап көрді. Бұл кәсіпорын елдегі ең көне сыра зауыттарының бірі. «Жана Роса» көне өндіріс қана емес, өңірдегі озық өндірістердің қатарына жатады. Өйткені, зауыт қожайындары сыра өндіру кәсібіндегі ескі дәстүрді сақтай отырып, оны жаңа технологиямен толықтырып, тұтынушыларға ең сапалы өнімді ұсынуды мақсат етіп отыр. Кәсіпорын Olvrieka (Бельгия), Berkefeld, Krones A.G., KHS и NIKO (Германия) секілді шетелдік компаниялармен әріптестік орнатқан.
«Жана Роса» тек сыра өндірісмен ғана емес, түрлі алкогольды емес сусындарды, шырындарды және минералды су шығаруды да жолға қойып отыр. Кәсіпорынның үлкен ерекшегілі, бұл өндіріс жастардың потенциалына ерекше мән береді. Және өндіріске негізінен креативті жастарды тартуды жөн көреді. Бұл ретте “Ақ жол” партиясы мен кәсіпорын жетекшілерінің ойы бір жерден шығып отыр. Бүгін партия белсенділері осы ұжымдағы жұмысшыларға партия ұсынып отырған елімізде жастарға көрсетілуге тиісті қолдау шараларының тізбегін таныстырды. Ақжолдың ұсыныстары ұжымның тарапынан қолдау тапты.
Бүгін түстен кейін Ақжолдықтар “Реал-Строй-ПВ” серіктестігінің жүмысшыларымен де кездесіп, олардың ой-пікірін тыңдады. “Реал-Строй-ПВ”- құрылыс компаниясы. Серіктестік негізінен саяжайлар мен коттедждер салуға маманданған. Одан бөлек құрылыс компаниясы кейбір ғимараттарға реконстукция жасайды және жол жөндеу жұмыстарымен айналысады. “Ақ жол” партиясының үгіт-насихат тобы мұнда партияның сайлауалды бағдарламасынының басым бағыттары жөнінде асықпай әңгімелеп берді.