ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Ақжолдықтар үгіт-насихаттың жаңа форматына көшті

Партия белсенділері сайлауалды бағдарламаны үйге жеткізіп беруге бел байлады

Ақжолдықтар бүгін үгіт-насихаттың жаңа форматына көшті. Яғни, партия белсенділері әдеттегідей сайлаушыларды белгілі бір жерге жинамай, сайлауалды бағдарламаны үйге жеткізіп беруге бел байлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Есіктен есікке» акциясы аясында партияның ондаған еріктісі Нұр-Сұлтан қаласындағы подъездерге кіріп, арнайы парақшаларды пошта жәшігіне қалдырып жүр. Егер жергілікті тұрғындар тарапынан сұрақтар туындаса, еріктілер сол жерде пікір алмасып, саяси ұйым ұстанымдарын сайлауылды бағдарламасын түсіндіруге дайын. «Есіктен есікке» акциясы бір күндік шара емес. Бұл акция үгіт-насихат науқанының аяғына дейін жалғасады. Шара сонымен қатар тек елордада ғана емес, еліміздің барлық өңірінде  өткелі отыр. 

Партия атынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Серік Түсіпов бүгін еріктілердің қасында болып, қалалықтармен пікірлесті. Оның айтуына қарағанда, кездескен азаматтардың көбін толғандыратын басты мәселе несие жайында. Қалалықтар кредит мәселесінде халыққа жеңілдік жасалғанын қалайды екен.

Естеріңізге сала кетсек «Ақ жол» партиясы Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету үшін ипотека, тұтыну тауарлары үшін, шағын және орта бизнес пен халықтың тұтыну қажеттіліктері несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін  7-8%-дан аспайтын етіп шектеуді ұсынып отыр.