«Ақ жолдың» үгіт-насихат тобы Маңғыстау облысында еңбек ұжымдарымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесуде «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

ҚР Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов, Мәжіліс депутаттығына үміткер Ғазиза Тәжібаева, облыстық филиал Төрағасы Жаңбырбай Матаев бастаған республикалық штаб мүшелері Маңғыстау өңіріне сапары барысында «Багис» және «КапремСервис» кәсіпорындарының ұжымымен кездесті.

Кездесуде «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

«Өздеріңізге белгілі, қазір сайлауалды науқан жүріп жатыр. Бүгін біз Маңғыстау облысына келіп отырмыз. Маңғыстау өңірі «Ақ жол» партиясының негізгі тірегінің бірі. Қазақ 50 жылда ел жаңа деген. Мынау басқару жүйесі бұрынғы амалдары жаңа мәселелерді шешуге қауқары жоқ. Оған үлкен дәлел эпедемия басталғанда көз жетті. Біз қай саланы алмасақ та, жемқорлық жайлап, іріп-шіріп, дағдарыста тұрғанымызды көрсетті. Біздің ұсынысымыз – экономикалық сяси түбегейлі өзгерістер қажет. Қазақта «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген жақсы бір мақал бар. Мынау қазанның да, қазынаның да қақпағы халықтың қолында болуы керек», -  деді Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов.

Ал «Ақ жол» демократиялық партиясының жастар қанатының жетекшісі Ғазиза Бақтиярқызы маңғыстаулықтарға партия ұсынған осы өзгерістердің іске асуы сіз бен біз таңдауымызға байланысты деп, «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Ақ жол» партиясының Маңғыстаудағы үгіт-насихат тобының сапары жалғасуда.

29 желтоқсан 2020 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы