$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.12.2020, 23:27
Сайлау-2021

«Ауыл» партиясының үміткерлері жамбылдық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Кездесуде Дәурен Қуат пен Ғалым Тасыбеков партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді

 

«Ауыл» партиясының үміткерлері жамбылдық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

«Ауыл» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттары Дәурен Қуат пен Ғалым Тасыбеков Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ел тұрғындарының ұсыныс-тілектері тыңдалды.  

Партияның сайлауалды бағдарламасында ауылды кешенді дамыту мәселелері мен жастарды қолдау жан-жақты көрсетілген. Мәселен, партия бағдарламасында жас отбасыларға тұрғын үй алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ал ауылға көшіп барғандарға үй алуға және үй шаруашылығын қалыптастыруға, ауылда бизнес ашуға пайызсыз несие беру бағдарламасын енгізуді көзделген.

Кездесуде сөз сөйлеген Қанат Тасыбеков бұл бастама жүзеге асатын болса ел тірегі ауыл жастарының әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне тікелей жол ашылады деп есептейтінін жеткізді.

«Еліміздің жастары мемлекеттің болашағы деп айтып жүрміз. Бұл тек қала жастарына қатысты емес екені түсінікті. Демек, ауылды жерлердегі жастарға да лайықты қолдау болуы тиіс. Ол үшін партия ауыл жастарының білім грантын алуына және жұмысқа орналасуына кепілдік беретін «Ауылдан – диплом алу үшін» бағдарламасын әзірлеуді ұсынып отыр. Сонымен қатар, жоғары және орта арнаулы аграрлық оқу орындарының түлектері үшін алғашқы жұмыс орнын міндетті квоталау тәжірибесін енгізу қажет», - деді Қанат Ғалымұлы.

Ал кандидат Дәурен Қуат «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында балалы отбасыларға арналған тиімсіз, қысқа мерзімді төлемдердің орнына кепілдендірілген «Бала нәсібі» жәрдемақысын енгізіп, оны 18 жасқа толғанша төлеу ұсынылып отырғанын айтты.

«Мұндайға мемлекетіміздің толық мүмкіндігі бар деп есептеймін. Бұл іске асатын болса ауыл тұрғындарының әлеуметтік әлеуеті жақсарып, өмір сапасын жақсартуға болады», - деді Дәурен Қасенұлы.

Сонымен қатар, кездесуге барысында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру ісімен айналысып жатқан кәсіпорындар мен фермерлерді қолдау мақсатында қосымша құн салығынан босатып, несиелерді арзандатуды көздейтін субсидия түрлерін бесеуге дейін қысқарту бастамасы партияның бағдарламасына еніп отырғаны айтылды.

Кездесу барысында зиялы қауым өкілдері партияның бастамалары ауыл тұрғындарының ғана емес, жалпы жұртшылықтың көңілінен шығады деп есептейтіндерін айтты. Партияға алдағы сайлауда сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Ауыл» ХДПП өңірлік қоғамдық штабының басшысы Жұмағұлов Өмірбек, аудандық штаб басшылары – Оспан Серік, Жұмаев Алпысбай, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар: Байханов Ғабит, Энгишев Фархат «Саянұр» базарында болып, жаңа жыл қарсаңында азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізіп, «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша базар қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Солнечное ауылында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер А.Ш.Шораев бастаған «Ауыл» партиясының үгіт тобы «Жамбусинов» ЖК ұжымымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қостанайда онлайн форматта «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат В.В. Хадановичтің Қостанай облысы ауылдарының тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша кездесуі өтті. Кездесу барысында қатысушылар ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін талқылады.

Серіктес жаңалықтары