$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.12.2020, 21:17
Сайлау-2021

Қазақстандық биг-бегтер әлемдік нарыққа шыға ала ма?

Қазақстан Халық партиясы өкілдеріне кәсіпорындағы өндірістік процесс көрсетілді

Қазақстандық биг-бегтер әлемдік нарыққа шыға ала ма?

29 желтоқсанда Қазақстан Халық партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Көкшетаудағы «Новопэк» ЖШС кәсіпорнында болды. Мұнда полипропилен қаптары, биг-бегтер (жұмсақ контейнерлер) шығарылады.

Кәсіпорынды аралау ҚХП сайлауалды науқаны аясында өтті. Партия мүшелеріне өндірістік процесс көрсетілді. Олар қызметкерлерде қандай проблемалар мен қиындықтар барын сұрады. Сондай-ақ «Жалақы уақытында төлене ме?», «Зейнетақы қорына аударымдар жасала ма?» деген сұрақтарға жауап алды.

Аталған өндірістің өнім сапасын жақсарту, өнім сұранысын арттыру мәселелері де талқыланды.

«Біз кез келген кәсіпорынның негізгі міндеті өндірістің толық циклына және экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу деп санаймыз. Отандық компанияларды қолдау мақсатында ҚХП бірқатар принципті мәселелерді көтереді. Бизнестің жаңа қатысушылары үшін рұқсат беру құжаттарын, ДСҰ және ЕАЭО нормаларын сақтай отырып, салық және кеден баждарын төлеуді екі жылға алып тастау қажет. Қосылған құны жоғары және 90 пайыздан астам оқшауландырылған тауар шығаратын өндірушілер үшін салықтық және кедендік пайыздық мөлшерлемелерді төмендету керек», – деді ҚХП атынан депутаттыққа кандидат Олжас Сыздықов.

ҚХП отандық кәсіпорындар өнім сапасын жақсарту үшін үнемі жұмыс істеуі керек, жарнамалық науқан мен өнімді жылжытуға баса назар аударуы қажет деп санайды.

«Реформаларды тиімді іске асыру және экономиканың нақты секторын реттеу үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік шығыстарды оңтайландыру қажет. Бұл экономиканың нақты секторы үшін қажетті активтерді шоғырландыруға мүмкіндік береді. Квазимемлекеттік сектор нысандарына ревизия жүргізіп, оның нәтижелері бойынша қаржылық көрсеткіштері төмен және экономикалық тиімсіз субъектілерді жою қажет. Жан-жақты бағалау негізінде біз қайталанатын және тиімсіз мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды қысқартуды ұсынамыз. Әкімдердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, инвестициялық саясат пен инвесторлармен ынтымақтастық мәселелерін жергілікті атқарушы органдарға жүктеу қажет», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Жамбыл Ахметбеков.

Серіктес жаңалықтары