$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.12.2020, 12:13
Сайлау-2021

Қазақстан халық партиясының мүшелері супермаркеттер желісі мен сауда нүктелерін аралады

ҚХП мүшелері жергілікті тауарлардың құнын көтермеу керек деп санайды

Қазақстан халық партиясының мүшелері супермаркеттер желісі мен сауда нүктелерін аралады

28 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Халық партиясынык атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар супермаркеттер желісі мен сауда нүктелерін аралап, қазақстандық өндірушілердің өнімдерінің бар-жоғын тексерді. ҚХП мүшелері отандық компаниялар ұсынатын дүкен сөрелеріндегі барлық ассортиментті қарап, зерделеп шықты. «Халықтыкін сатып ал» акциясы барысында депутаттыққа кандидаттар қазақстандық өндірушілердің өнімдерін сатып алды.

ҚХП мүшелері жергілікті тауарлардың құнын көтермеу керек деп санайды. Мұндай өнімдердің бағасын уәкілетті органдар бақылауы керек.

«Биыл пандемия кезінде біз үлкен проблемаға тап болдық. Ол – отандық өндірушілердің өнімдері мен қажетті тауарлары бағасының өсуі. Өсімдік майының бір литрінің бағасы 700 теңгеге дейін көтерілгенін бәріміз көрдік. Айта кету керек, біз отандық өндірушінің өнімі туралы айтып отырмыз. Қант бір килограмм үшін 300 теңгеге дейін қымбаттады. Мемлекет азаматтарға қолдау ретінде бөлген 42 500 теңгеге көп өнім сатып ала алмайтынын жақсы түсінеміз», – деді сауда нүктелерін аралаған кандидат Жамбыл Ахметбеков.

Бұған дейін ҚХП депутаттығына кандидаттар еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарының бірі болып табылатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын.

«Халық партиясы азық-түлік қауіпсіздігін және қазақстандықтардың тең құқықтарын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге жекеменшікке сатуға заңды тосқауыл қою туралы мәселені қойып отыр. ҚХП мүшелері осы мәселе бойынша референдум өткізу қажет деп есептейді. Біз бірінші кезекте қажетті өнімдер мен тауарлардың сапалы өндірісіне қол жеткізуге ниеттіміз. Партияның басты міндеті – елімізді барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету. Содан кейін ғана өнімімізді шетелге жеткізу», – деп нақтылады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандитат Жамбыл Ахметбеков.

Серіктес жаңалықтары