Қызылорда облысында көпбалалы отбасыларға 50 тұрғын үй салынады
2021-2025 жылдар аралығында 900-ге жуық отбасы тұрғын үймен қамтылады
Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Шакизада Әбдікәрімов, Дәулет Байғараев және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Парида Сарыбаева Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Аудандық жастар үйінде өткен басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, үміткерлер партияның алдағы уақытта атқаратын толымды істерін тілге тиек етті. Нақтырақ айтсақ, 7 ауылдық округ аумағында жайылымдық және егістік жерлердің мақсатын өзгерту арқылы 11638 мың га суармалы жер көлемін кезең-кезеңімен кеңейту, ірі қара мал басын 32 мыңға жеткізіп, мал шаруашылығын дамыту көзделуде. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің жаңа нысандарын ашуға жағдай жасап, 2025 жылға дейін Жаңажол ауылдық округінде 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңын құру жоспарлануда. Әрі 2021 жылы жылына 1,5 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы іске қосылатын болады.
«Nur Otan» партиясы ауыл азаматтарының өмір сапасын жақсартуды жақтайды. Осы бағытта «Ауыл - Ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғасады. Тұрғындар таза суға және сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға қол жеткізеді. 2021-2025 жылдар аралығында нысаналы топтарға, оның ішінде көп балалы отбасыларға 50 тұрғын үй құрылысының жүргізілуіне ықпал жасап, 2025 жылы 895 отбасы тұрғын үймен қамтылады», – деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Шаһизада Әбдікәрімов.
Үгіт жұмыстары арасында тұрғындар көкейтесті сауалдарын қойып, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында сауда кәсіпорындарын дамытып, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуді және медицинаны қолжетімді етсе деген ұсыныс-пікірін білдірді. Кездесу барысында айтылған бұл мәселеге мәслихат депутаттығына үміткер Дәулет Байғараев жауап берді.
«Халықтың әл-ауқатын арттыруда медицина саласының дамуы маңызды. Осы орайда, Дүр Оңғар, Тұрмағамбет дәрігерлік амбулаториялария ғимараттарын салып, орталық аудандық ауруханаға 3 жедел медициналық жәрдем автокөлігін сатып алуды мақсат етіп отырмыз. Сонымен қоса, медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандыруға, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ден қоямыз», – деді ол.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді