ҚХП кандидаттары дәрігерлерге арналған әлеуметтік кепілдіктер жайлы айтты
Мәжіліс және мәслихаттардың сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді
Бүгін Көкшетау қаласындағы «Ақмола облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК-де медицина қызметкерлерімен кездесу өтті. Онда Қазақстан Халық партиясы бағдарламасының тезистері түсіндірілді. Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктеріне басымдық берілген ҚХП-ның сайлауалды жобасы таныстырылды.
Спикер ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Олжас Сыздықов қатысты.
Кездесуде аурухананы техникалық жабдықтау, медицина қызметкерлерінің жұмыс кестесі, қызметкерлердің жалақысы, біліктілік талаптары, дәрігерлер үшін әлеуметтік кепілдіктерді арттыру мәселелері көтерілді.
Спикерлер шара барысында ұжым өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. ҚХП отандық медицина деңгейін, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру және осы салада жұмыс істейтін қызметкерлердің мәртебесін өсіру үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдап, қолдануға ниетті. Медицина қызметкерлері ҚХП-ның сайлауалды жобасын қызығушылықпен тыңдап, жарияланған бастамаларға қолдау білдірді.
Кездесу Қазақстан Халық партиясының үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылды. ҚХП-ның сайлау алдындағы жұмысы еліміздің барлық өңірінде жалғасуда және ол сайлаушыларды, еңбек ұжымдары кеңінен қамтымақ.