$ 524.32  609.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бектенов Қырғыз Республикасының премьер-министрімен кездесті

Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметаралық кеңесінің 13-отырысы өтті

Бектенов Қырғыз Республикасының премьер-министрімен кездесті
Фото: үкімет

Астанада Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасының министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевтың төрағалығымен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 13-отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, индустриялық кооперация, инвестиция, энергетика, су ресурстары, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм және мәдени-гуманитарлық байланыстар мәселелері талқыланды.

Сауда көрсеткіштері

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2025 жылдың алғашқы 8 айында 21%-ға өсіп, 1,4 млрд АҚШ долларын құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы 42%-ға артты және $326 млн болды, оның 80%-дан астамы – қазақстандық экспорт. Олжас Бектенов екі ел басшыларының қолдауымен қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

«Қырғызстан – біз үшін тату көрші, бауырлас ел ғана емес, сонымен қатар маңызды сауда-экономикалық серіктес мемлекет. Қазақстан Үкіметі ортақ мүдделерімізге сай келетін мақсаттарға бірлесіп атсалысуға дайын», – деді ол.

Қырғыз тарапы да ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін білдірді.

«Мемлекеттер басшыларының бірлескен күш-жігері стратегиялық әріптестікті жаңа сапалы деңгейге көтерді. Үкімет алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салады», – деді Адылбек Касымалиев.

АӨК және туризм саласы

Ауыл шаруашылығында өзара іс-қимылды арттыру және Хан Тәңірі шыңындағы тау туризмі бағыттарын дамыту мәселелері қаралды.

Мәдени байланыстар

Бішкекте биыл Қазақстандық кино күндері мен Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт, сондай-ақ Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовқа арналған «Қазақ-қырғыз достығының алтын көпірі» ескерткіші ашылды. Тараптар үкіметаралық ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыты бойынша екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады. Кездесу соңында қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 13-отырысы хаттамасына қол қойылды.

Серіктес жаңалықтары