$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.06.2020, 21:06
Саясат

29 маусымда Президент коронавирустың таралуына қарсы шараларды жариялайды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады

29 маусымда Президент коронавирустың таралуына қарсы шараларды жариялайды
Фото: ашық дереккөзден

29 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Ертең, 29 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді. Кеңесте Мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды. Сондай-ақ, экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралады деп жоспарланып отыр. Кеңеске Үкімет мүшелері, бірқатар ведомство басшылары, облыс әкімдері қатысады», — деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары