Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылығына тапсырма берді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол коронавирус жағдайын тұрақтандыру үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды

Фото: ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылығына тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылығына келесі аптада коронавирус жағдайын тұрақтандыру, оның одан әрі таралуына жол бермеу, ауруханалар мен емханалардағы азаматтарға көрсетілетін қызметті жақсарту жөнінде қосымша шаралар әзірлеп ұсыну тапсырылды», - деп жазады Президент Twitter парақшасында.