$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақорда Қазақстанның алғашқы «сыңармүйіз» стартапы туралы сөз қозғады

Тоқаев бұл стартапты жоғары бағалады

Ақорда Қазақстанның алғашқы «сыңармүйіз» стартапы туралы сөз қозғады
Фото: Ақорда

Жуырда ЖИ-зерттеуші Ерзат Дулат пен ИИ-генератор Алекс Машрабовтың стартапты 1 млрд долларға бағаланып, Қазақстанның осынша ақшаға бағаланған тұңғыш стартапына айналған еді. Бүгін Ақордада Республика күніне орай салтанатты жиын өткізген президент осы стартап туралы ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Higgsfield AI стартапы – биылғы айтулы жетістіктердің бірі. Оны Қазақстанның алғашқы «сыңармүйіз» стартапы деуге болады. Әдетте жаһандық нарықта бір миллиард долларға немесе одан да қымбатқа бағаланған компанияларды осылай атайды. Бұл бірегей жобаның негізі Astana Hub алаңында қаланған болатын. Мұны математика және физика пәндерінен жасөспірімдер арасындағы халықаралық олимпиада жеңімпаздары, дарынды энтузиастар жасады. Осындай мықты азаматтар – еліміздің келешегі. Жас кәсіпкерлер, ғалымдар, инженерлер, IT-мамандар Қазақстанның жаңа элитасын қалыптастыруда. Ал жаңашылдық – ұлттық сипатымыздың маңызды қырына айналды. Демек, мемлекет қолдау көрсетсе, білімді, еңбекқор балаларымыз бен немерелеріміз әлемдік нарықта сұранысқа ие жоғары технологиялық өнімдер жасай алады», - деді Тоқаев.

Осы ойын аяқтаған кезде президент бұндай стартаптардың санын көбейту керек деді.

«Сондықтан Үкіметке келешегінен үміт күттіретін отандық стартаптардың нарықта лайықты орнын табуына көмектесетін заманауи, тиімді экожүйе құру міндеті жүктелді. Қазақстан цифрландыру көрсеткіші бойынша дүниежүзілік индекстерде жоғары орындарды иеленеді. Бұл, әрине, қуанарлық жағдай. Бірақ, ең бастысы, болдық, толдық деуге болмайды. Әлемдегі ең жоғары талаптарға сай келетін заманауи экономиканы дамыту үшін ғылыми-техникалық прогресті жіті бақылап отыру қажет. Сондықтан біз цифрландыру мен жасанды интеллектіні жан-жақты енгізуді мемлекет дамуының басым бағыты ретінде белгіледік», - деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары