Келесі аптада Қазақстанға Финляндия президенті келеді

Автор: Бақыт Шынар

Сапар 28-29 қазанға жоспарланған

Фото: instagram.com/alexstubb/

Келесі аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Финляндия президенті келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді», - деп жазған Ақорда.

Сапар аясында мемлекет басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.