Алексей Цой әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес айтады
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой президенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, Алексей Цой – дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, 2020-2021 жылдары денсаулық сақтау министрі болған.