$ 538.63  622.23  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Популизм маңызды рөл ойнамайды»: Тоқаев болашақ депутаттар қандай болу керек екенін айтты

Президент цифрландыру кезінде депутаттардың білімі маңызды болады дейді

«Популизм маңызды рөл ойнамайды»: Тоқаев болашақ депутаттар қандай болу керек екенін айтты
Фото: Ақорда

Бүгін Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысын өткізген Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта депутаттардың білімі мен біліктілігі жоғары бағаланатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, бір палаталы Парламентте партиялар көп болған сайын саяси диалог та кәсіби негізде өрбиді.

«Заң шығару жұмысын жақсартудың жаңа тетіктерін енгізу аталған үдеріспен қатар жүруі қажет. Мұны халықаралық тәжірибе де көрсетіп отыр. Бұл ретте болашақ депутаттар корпусының білімі мен білігі маңызды факторға айналады. Олардың қатарында нағыз кәсіби мамандар болуы керек. Парламент кәсіби болуға тиіс. Бұл – өте маңызды міндет. Парламентті пропорциялық жүйемен, яғни партиялық тізіммен жасақтау туралы ұсыныс дәл осы міндеттен туындап отыр», - деп мәлім етті Тоқаев.

Яғни, президенттің айтуынша, жаңа өзгерістер кезінде популизм өзінен-өзі жоғалып, кәсіби деңгейдің бәсі артады.

«Жаңа жағдай партия жұмысына тың талаптар қояды. Демек популизм цифрландыру кезеңінде маңызды рөл ойнамайды, керісінше, кәсібиліктің бәсі жоғарылай түседі», - деп мәлім етті Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары