Осы Бас прокурор Берік Асылов таныстырды
Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Құқық қорғау органдары академиясының ұжымына жаңа ректорды таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұл қызметке 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, PhD докторы Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров тағайындалды. Ол бұған дейін өңірлерде және Бас прокуратурада басшылық қызметтер атқарған тәжірибелі прокурор», - деп жазған Асылов.
Айта кетейік, Нұрғалым Әбдіров Тараз қаласының прокуроры болған. Тағайындаудан кейін Берік Асылов академия алдына бірқатар маңызды міндет қойды. Оның ішінде:
«Бірлесіп Академияны прокуратура мен құқық қорғау органдары үшін кадрлар мен ғылым даярлаудың орталығы ретінде нығайтатынымызға сенімдімін», – деді Бас прокурор.