ҚХР-дың ұлттық мерекесіне байланысты автокөлікпен өтуге шектеу енеді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының ұлттық мерекелеріне байланысты шекарадағы кейбір өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтайтынын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда, Қытайдың Құрылған күні (2025 жылғы 1–3 қазан) және Күздің ортасы мерекесі (2025 жылғы 6 қазан) қарсаңында Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттері уақытша жұмысын тоқтатады. Бұл күндері жеке тұлғалар, автокөлік құралдары мен жүктер өтпейді.
Ал теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істей береді.