$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлемдік нарыққа 40 пайыз уранды Қазақстан жеткізеді- Бердіғұлов

Қазақстан ядролық отын саласында толлыққанды ойыншы бола алады

Әлемдік нарыққа 40 пайыз уранды Қазақстан жеткізеді- Бердіғұлов
Фото: Azattyq ruhy

«Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС-нің бас директоры Ернат Бердіғұлов еліміз әлемдік нарыққа уран жеткізу үлесі жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгінде Қазақстан әлемдік атом энергетикасы саласында негізгі рөл атқарады. Қазақстан әлемдік нарыққа уранның 40 пайызын жеткізіп отыр. АЭС салу әлеуетімен бұл рөл тек нығая түседі. Еліміздің атом өнеркәсібі саласындағы барлық артықшылығын ескере отырып, Қазақстан ядролық отын саласында толлыққанды ойыншы бола алады»,- деді Бердіғұлов Мәскеудегі атом апталығы форумында.

Оның айтуынша, елде отынды фабрикациялайтын кәсіпорындар бар.

«Ал бірнеше АЭС-тің құрылысы атом өнеркәсіп саласындағы отандық әлеуетті арттыра түсіреді»,- дейді ол.

Ернат Бердіғұлов атағандай, атом саласының кадрларын даярлау да қарқынды жүзеге асырылып жатыр.

«Қазіргі таңда ғылым және жоғары білім министрлігі мен атом  агенттігі, Росатом  бірлескен жұмыстарды жүзеге асырып жатыр. Қазір АЭС салу кезеңінде қажетті кадрларға сараптама жасап жатырмыз. Ол бойынша кадр даярлауды нақтылаймыз. Қазірдің өзінде елде 18 бағдарлама бойынша 6 жоғары оқу орнында  кадр даярланып жатыр. Елде бұл салада кадрлар пулы да бар. Ғылыми зертеу институттапы мен шағын атом кәсіпкерліктерінде мамандар жұмыс істеп жатыр. Осы бағытты дамыта түсеміз»,- дейді ол.  

Мәскеудегі әлемдік атом апталығы форумына мыңнан астам журналист, 40 мыңға жуық адам қатысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС #АЭС салу