Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді
СІМ басшысы АҚШ, Аутрия, Оман елдерінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы шеңберінде бірқатар мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасарымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Кездесулер барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту, халықаралық ұйымдар аясында өзара іс-қимылды күшейту мәселелері талқыланды.
Нұртілеу Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын тоқтала отырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы ең ірі экономика және маңызды еуразиялық хаб ретінде аймақтағы АҚШ-тың экономикалық қатысуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Негізгі нәтижелер:
- АҚШ-пен ынтымақтастықтың тұрақты оң серпіні атап өтілді.
- Тогомен дипломатиялық және қызметтік паспорт иелеріне визалық талаптарды алып тастау туралы келісімге қол қойылды.
- Аустриямен саяси және экономикалық байланыстарды, бизнес-қоғамдастық арасындағы әріптестікті жандандыруға уағдаласты.
- Оманмен сауда және инвестиция саласында ынтымақтастықты тереңдету жайы қаралды.
- Армениямен көпжақты ынтымақтастық және алдағы ресми сапарға дайындық мәселелері талқыланды.
- Беларусьпен саяси диалогты жалғастыру және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге келісілді.
- Кипрмен көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларында жаңа бағыттар айқындалды.
- Барлық келіссөздер өзара сенім мен тиімді әріптестікті нығайтуға бағытталды.