$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Радиоактивті қалдықтар аз»: Курчатовтағы «Тоқамақ» 6 елмен жұмыс істеп жатыр

Ол 2019 жылы іске қосылған

«Радиоактивті қалдықтар аз»: Курчатовтағы «Тоқамақ» 6 елмен жұмыс істеп жатыр
Фото: Azattyq ruhy

Қазақстанның ядролық қауымдастығының төрайымы Ирина Тәжібаева Мәскеудегі атом апталығы форумында Қазақстандағы «Тоқамақ» жобасы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2019 жылы біз ресейлік әріптестерімізбен бірге құрылымды іске қостық. Бұл жобаны Курчатов институты әзірледі. Бұл жобаға қатысты көп мәселе болды. Ақыр соңы олар шешімін тауып, 6 жыл бұрын іске қостық. Ол Курчатовтағы ұлттық физикалық ядролық институтта орналасқан. Ол бірегей құрылғы болып есептеледі»,- дейді Тәжібаева.

Оның айтуынша, ядролық жеңіл элементтердің қосылуынан да энергия алуға болады.

«Оны да тоқ, жылу алуға қолдануға болады. Өкінішке қарай, жұмыс істеп тұрған термоядролық реактор жоқ. Тек тәжірибеге арналған сынақ құрылғылары ғана бар. Соңғы кезде бұл бағыттағы белсенділік арта түсті. Қазақстандық «Тоқамақ» сияқты құрылғы КСРО кезінде болмаған. Қазір үкіметаралық келісім бойынша 6 елмен жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыстың үшінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Біздің қазақ құрылғысы үшін осы 6 ел өз бөліктері бойынша қаржы бөледі. Термоядролық қондырғылардың радиоактивті қалдықтары аз болады»,- дейді ол.

Қауымдастық төрайымы ынтымақтастық үшін үнемі ашық екенін жеткізді. 

«Біздің эксперимент өткізетін әлеуетіміз бар. Реакторлардың қатысуымен тәжірибе жасай аламыз. Біз осы салада ынтымақтасиық жүргізуге дайынбыз»,- деп түйіндеді Ирина Тәжібаева.

Еске салсақ, «Тоқамақ» жоғары температуралы плазма жасауға және ұстап тұруға арналған тура қалпындағы тұйық магнитті қармауыш. Плазманы ұстап қалу үшін магнит өрісін қолданатын басқа қондырғыларға қарағанда, электр тогын қолдану «Тоқамақтың» басты ерекшелігі болып отыр.

Серіктес жаңалықтары