Қазақстанның ураны әлемнің барлық еліне сатылып жатыр - Марат Төлебаев

Автор: Аягөз Құрмаш

Алдағы 10 жылда оған сұраныс арта түспек

Фото: Azattyq ruhy

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы төрағасының бірінші орынбасары Марат Төлебаев Мәскеуде өтіп жатқан атом апталығы форумында Қазақстанның уран сату бағытындағы әлеуеті жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шара атом энергетикасы саласында тәжірибе алмасу, энергия тапшылығының алдын алу мәселесін талқылауға бағытталған.

«Қазатомөнеркәсіп» Росатом салатын қазақстандық АЭС құрылысы жобасына тікелей қатыспайды. Алайда біз аталған станцияны отынмен қамтамасыз етуді өз мойнымызға аламыз. Ол біздің уранды сату бойынша коммерциялық саясатымызға әсер ететіні анық. Кейбір  қор станцияға қатысты  резервке қойылады. Станцияны отынмен қамту үшін конверсия мәселесін қарастырамыз. Бұл серіктестермен бірігуді еөздейді»,- дейді Төлебаев.

Оның айтуынша, қазір компания аз байытылған уран, ұнтақты өнім өндіреді.

«Бұл өндірістің барлығын МАГАТЭ реттейді. Біз франциялық, канадалық әріптестермен келісім орнаттық. Уранды компания барлық әлемге сатып отыр деуге болады. Оған сұраныс бар. Сарапшылар атағандай, алдағы 10 жылда уранға сұраныс әлдеқайда артпақ. Себебі нарықта атом өндірісіне сұраныс артып отыр»,- дейді Марат Төлебаев.

Маманның айтуынша, елімізде МАГАТЭ-нің уран қоры сақталған.

Тегтер: