$ 539.54  637.09  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен АҚШ ядролық қауіпсіздік саласында мәлімдеме қабылдады

Екі тарап ынтымақтастықты жалғастырады

Қазақстан мен АҚШ ядролық қауіпсіздік саласында мәлімдеме қабылдады
Фото: Атом энергиясы жөніндегі агенттік

Қазақстан мен АҚШ ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

АЭХА-ның 69-шы Бас конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі (NNSA) Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Құжатта:

  • ИВГ.1М зерттеу реакторының жоғары байытылған пайдаланылған отыны арнайы әзірленген Silo типіндегі қоймаға табысты орналастырылғаны;
  • пайдаланылған ядролық отын осы қоймада түпкілікті кәдеге жаратылуына қатысты бірлескен шешім қабылданғанға дейін сақталатыны;
  • жоғары байытылған уранды пайдалануды азайту және ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыру ниеті қамтылды.

Қазақстандық тарап бұл мәлімдеме елдің бейбіт атомды дамытуға және жаһандық таратпау режимін нығайтуға бейілділігін айқындайтынын атап өтті. Өз кезегінде NNSA өкілдері АҚШ-тың Қазақстанмен әріптестікті жоғары бағалайтынын және ядролық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған жобаларды жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.

Айта кетейік, мұндай Бірлескен мәлімдемелер бұған дейін 2016, 2019, 2020 және 2023 жылдары қабылданған болатын.

Серіктес жаңалықтары