Бүгін президент Ақмола облысын аралап жүр
Бүгін Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласында 400 мыңдай адам артық жүргенін тағы да атап өтіп, әлеуметтік саясат саласын реттеуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Астанада 400 мың адам есепке алынбаған. 400 мың адам деген не? Ол тұтастай бір қаланың тұрғындары, олар ешбір статистикаға ілінбей қалған. Ал бұл қала бюджетіне салмақ салады. Бұлай өмір сүруге болмайды», - деді Тоқаев.
Сондықтан, Тоқаев бұл мәселені Жолдауында да айтқанын еске салып, әлеуметтік саясат саласын реттеу керек дейді. Дәлірек айтсақ, әлеуметтік көмекті тек шын мұқтаждар ғана алуы керек деді президент.
«Жұмыс істей алатын және жұмыс істеуге міндетті азаматтар жұмыс істеу керек, өзін, өз отбасын, өз ата-анасын өздері асырау керек. Жолдауымда да осыны айтқым келген. Мен айтпасам кім айтады? Мен президент ретінде жауапкершілік алып, осы салада шешу керек мәселелер бар екенін ашық айтуы керек», - деді президент.