16.09.2025, 15:50
Саясат
«Анда-санда алып тұрамыз»: Тоқаев қандай балмұздақ жейтінін көрсетті (ВИДЕО)
Бүгін ол Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады
Фото: скриншот
Бүгін Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың шаруалары өндіретін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көрмеге шаруалар өздері өндіретін жартылай фабрикат, консервілер, ет, сүт және нан өнімдерін қойған.
Көкшетау сүт зауытынан шығатын өнімдердің жанына келгенде Тоқаев балмұздақты ұстап көріп, пікірін айтты.
«Осы жерден сатып аламыз. Анда-санда Көкшетау балмұздағын аламыз. Эскимо жақсы, дәмін татып көргемін», - деді Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін Ақмоладағы егін алқаптарын аралаған президент егіс алқабындағы жұмыстарды уақтылы аяқтап, астықты дер кезінде жинап алу қажет деген еді.
Көп оқылған
25.06.2026, 12:53
Инстаграмдағы видеосы үшін: танымал блогер Алексей Лодочниковтың үстінен полицияға арыз түсті
25.06.2026, 10:18
Түркістан облысында қылмыстық топ арнайы тоннель қазып, Өзбекстанға бензин жеткізіп отырған
25.06.2026, 19:30
Алматының орталық көшелерінің бірінде жер астынан от шықты (ВИДЕО)