Елнұр Бейсенбаев бір палаталы Парламенттің атауы мен депутаттардың саны туралы пікірін айтты
Жаңа Парламенттің атауына «ұлттық» сөзін пайдалану ойға қонымды болар еді дейді ол
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев журналист Ербол Сейілханға берген сұхбатында бір палаталы Парламенттің атауы қандай болады және ондағы депутаттардың саны нешеу болады деген мәселеге қатысты өз пікірін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Қазір қоғамда «бір палаталы Парламентте неше депутат жұмыс істейді?» деген сұрақ туындап жатыр. Бұған келсек, әлемдік практиканы қарауға болады және бұл мәселенің де негізі логикасы бар. Қазір Сенатта 50 депутат, Мәжілісте 98 депутат, бас-аяғы 148 депутат отыр. Логикаға салсақ, екі жылдан кейін шамамен 12 млн сайлаушы, мүмкін, 13 млн сайлаушы болса, бір миллион сайлаушыға бір азамат деп есептесек, 125-130 депутаттың арасында болатын сияқты. Яғни, 2027 жылы 13 миллионнан астам сайлаушы дауыс беретін болса, шамамен 135 депутат болуы мүмкін», - дейді Бейсенбаев.
Ал, жаңа парламенттің атауы қалай болады деген мәселеге қатысты ойын айтқан ол әлем елдерінің тәжірибесін тілге тиек ете отырып, Қазақстандағы бір палаталы Парламент «Ұлттық парламент» немесе «Ұлттық мәжіліс» деп аталуы мүмкін деген ойны айтты.