22.06.2020, 12:40
Саясат
Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы жабық өтіп жатыр
Жиынға Мәжіліс төрағасы қатысқан жоқ
Фото: sputniknews.kz
Бүгін Елордада Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.
Мәжіліс пен Сенат депутаттары Үкіметтің және Есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебін тыңдауы тиіс. Бірақ, коронавирус пандемиясына байланысты шараға журналистер қатыспайды, оның үстіне әдеттегідей онлайн-трансляция да жоқ.
«Мәжілістің баспасөз қызметі тілшілерге кейін фото, видео және пресс-релизді өздері тарататынын, жиналыстың «жабық өту себебін білмейтіндерін» хабарлады»,- деді агенттік тілшісі.
Белгілісі – Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирустан емделіп жатуына байланысты бірлескен отырысқа қатысып жатқан жоқ.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды