19.06.2020, 15:16
Саясат
«Алладан шипа беруін тілеймін»: Түркия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады
Кеше Елбасы коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Фото: ашық дерек көздерінен
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанның Тұңғыш Президентіне тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.
«Сырқаттанып қалғаныңызды өкінішпен естідім. Алладан шипа беруін тілеймін. Үнемі жеңіспен еңсерген күрестердегі сынды, бұл сынақты да жігеріңізбен артқа тастайтыныңызға кәміл сенемін.
Қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда, қолымыздағы барлық мүмкіндігімізбен жаныңызда екенімізді жеткізгім келеді.
Сізге деген терең құрмет пен сүйіспеншілік сезімімен жеке өзім және барша түрік халқы атынан тезірек сауығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін», - делінген жеделхатта.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген