08.09.2025, 11:59
Саясат
Тоқаев депутаттарға жыл соңына дейін Құрылыс кодексін қабылдауды тапсырды
Ол құжат құрылыс саласының ашық әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз етуі керек
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында құрылыс саласында жасанды интеллектіні пайдалану маңыздылығын айта отыра Құрылыс кодексін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жолдауда президент құрылыстың сапасын арттыру үшін жасанды интеллектіні пайдалану арқылы ғимараттың ақпараттық модельдеуін жоспарлау керек дейді.
«Үкімет құрылыстың барлық санатына мониторинг жүргізетін ұлттық цифрлық платформаны іске қосуы керек. Құрылыс саласының қауіпсіз, тұрақты әрі ашық болуын Құрылыс кодексі қамтамасыз етуі керек. Құжатты жыл соңына дейін қабылдау керек. Депутаттар осы мәселемен айналысса екен», - деді Тоқаев.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)