08.09.2025, 09:25
Саясат
Бүгін Тоқаев кезекті Жолдауын жариялайды
Жолдауды телеарналардың тікелей эфирінен көруге болады
Фото: Ақорда
Бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президенттің Жолдауын республикалық телеарналар, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көруге болады.
Айта кетейік, Конституцияның 30 жылдығына арналған жиында президент биылғы Жолдауының мазмұнын жариялаған болатын.
«Бәріңізге мәлім, мен 8 қыркүйекте халыққа Жолдауымды жариялаймын. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы маңызды мақсат-міндеттерді айқындаймын», - деген еді Тоқаев.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды