$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды – Бас прокуратура

Оған қатысты бірнеше факт бойынша тергеу басталған

Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды – Бас прокуратура
Фото: baq.kz

Бас прокуратура Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген хабарламада.

Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.  

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.  

Серіктес жаңалықтары