Тоқаевтың жолдауы: Сенат пен Мәжіліс келесі аптада тағы жиналады

Автор: Нұргүл Абай

Бірлескен отырыс 8 қыркүйекке жоспарланған

Фото: gov.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 8 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын»,- делінген өкім мәтінінде.  

Естеріңізге салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. Мемлекет басшысы биылғы жолдауында еліміздің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы маңызды мақсат-міндеттерді айқындайтынын мәлімдеген.