Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайынан өзі шығарып салды

Автор: Бақыт Шынар

Ақорда кортеждің суретін жариялаған

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдалланы елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда бірнеше сурет жариялап, саясаткерлердің кортежін көрсеткен.

Бұған дейін біз Астанада өткен Қазақстан-Иордания бизнес-форумы кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Король ІІ Абдаллаға және оның жұбайына әсерлі сөз арнағанын жазған едік.