$ 537.63  622.52  6.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Досым, тіпті, бауырым»: Тоқаев Иордания Короліне әсерлі сөз арнады (ВИДЕО)

Президенттің айтуынша, Иордания қазір Қазақстанға етене жақын ел

«Досым, тіпті, бауырым»: Тоқаев Иордания Короліне әсерлі сөз арнады (ВИДЕО)
Фото: Ақорда

Бүгін Астанада өткен Қазақстан-Иордания бизнес-форумы кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Король ІІ Абдаллаға және оның жұбайына әсерлі сөз арнады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ақорда хабарлағандай, сөз басында Қасым-Жомарт Тоқаев Король ІІ Абдалланы Астанада қарсы алуды өзіне зор мәртебе санайтынын айтқан.

«Ұлы Мәртебелі, Өзіңіз бен жұбайыңыз патшайым Ранияны бүкіл әлем дана, аса білімдар және парасатты тұлғалар ретінде мойындайды. Бүгінгі заманда Сіз бен жұбайыңыз секілді көшбасшылар кемде-кем», – деді президент.

✔️Қазақстан мен Иордания арасындағы серіктестікті дамытуға ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқанына алғыс айтқан Тоқаев. бизнес-форум жұмысына қатысқан тараптарға да ризашылығын білдірген.

«Король ІІ Абдалланың ресми сапары аясында өтіп жатқан бұл форум біздің перспективті серіктестігіміздің жаңа кезеңіне жол ашады. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясы екіжақты қарым-қатынасты кеңейтудің маңызды институционалдық негізін қалайтыны сөзсіз. Бүгін Ұлы Мәртебелі Король Абдалламен мазмұнды келіссөз жүргіздік. Әңгімелесу барысында алдағы жылдары өзара тиімді ықпалдастықты нығайтуға шешім қабылдадық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Форумның соңында президент Король ІІ Абдалла «өзін дос әрі бауыр» деп атауға келісім бергенін және бұл үлкен мәртебе екенін айтты.

«Кеше маған Өзіңізді досым, тіпті, бауырым деп атауға келісім бердіңіз. Бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі артықшылық. Қымбатты бауырым, Сіздің арқаңызда Иордания бізге етене жақын елге айналды. Халықтарымыз мәңгіге дос, бауырлас әрі сенімді серіктес болып қалатынына нық сенімдімін», - деді президент.

Серіктес жаңалықтары