Зеленский мен Путиннің келіссөзі Түркияда өтуі мүмкін
Украина соғысты тоқтатуға дайын және диалогқа жан-жақты әзірленіп жатыр

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, кездесу орны ретінде Түркия қарастырылып отыр. Сонымен қатар, Персид шығанағы елдері мен Еуропа мемлекеттері де ықтимал алаң ретінде аталды.
Кешкі үндеуінде Зеленский алдағы аптада Түркиямен, Персид шығанағы елдерімен және Еуропа мемлекеттерімен байланыс орнатылатынын айтты.
«Біздің тараптан соғысты аяқтау үшін барлығы дайын болады. Маңыздысы – серіктестердің де бұл қадамды қолдауы», – деді Украина басшысы.
Зеленскийдің сөзінше, Украина соғысты тоқтатуға дайын және диалогқа жан-жақты әзірленіп жатыр. Дегенмен шешуші фактор әлемдік көшбасшылардың, әсіресе АҚШ-тың ұстанымы.
Оның пікірінше, Вашингтонның саяси еркі Ресейге қысым көрсетіп, нақты бейбіт процесті бастауға ықпал етуі мүмкін.