Тоқаев Украина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік және құт-береке тіледі», – делінген хабарламада.  

Айта кетелік, кеше мемлекет басшысы Франция президентімен телефон арқылы сөйлескен еді.