$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бектенов Ресей үкіметінің төрағасымен кездесті - күзде Оралда ынтымақтастық форумы өтеді

Михаил Мишустин екеуі сауда-экономикалық мәселелерді талқылаған

Бектенов Ресей үкіметінің төрағасымен кездесті - күзде Оралда ынтымақтастық форумы өтеді
Фото: primeminister.kz

Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, былтыр екі ел арасындағы өзара сауда $27,8 млрд-қа жеткен. Ал 2025 жылғы қаңтар-мамырда $9,6 млрд-қа жеткен.

«Мемлекеттер басшыларының тапсырмасы бойынша біз өзара сауда көлемін $30 млрд-қа дейін ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Инвестициялық ынтымақтастықта зор мүмкіндіктер бар. Жалпы, екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын шешуде ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тиімді қызметін атап өткім келеді», – деді Олжас Бектенов.

 Олар биыл күзде Оралда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумының дайындық барысына ерекше назар аударған.

Серіктес жаңалықтары