АҚШ Таяу Шығыстағы әскерін елге қайтарып жатыр
Израиль Иранның ядролық объектілеріне шабуыл жасауы мүмкін

АҚШ Президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы әскерлерін шығаратынын мәілімдеді, өйткені аймақтағы шиеленіс артып, қауіп артып барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Reuters-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін АҚШ Ирактағы елшілігінің қызметкерлерін эвакуациялап, Таяу Шығыстағы әскери қызметшілердің отбасыларына аймақтан ерікті түрде кетуге рұқсат бергенін хабарлады. АҚШ пен Ирак өкілдері бұл шешімнің нақты себептерін ашып айтпады. Бұл аймақтағы тұрақсыздықтың өсуімен тұспа-тұс келіп отыр. АҚШ барлау қызметінің мәліметінше, Израиль Иранның ядролық объектілеріне шабуыл жасауға дайындық жүргізіп жатыр.
Алайда АҚШ Таяу Шығысқа әскери әсер етуін тоқтатпайды. Елдің Ирак, Кувейт, Катар, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктерінде базалары бар. Иран Қорғаныс министрі Азиз Насирзаде егер Тегеранға соққы жасалса, АҚШ-тың аймақтағы базаларына қарсы жауап болатынын мәлімдеді.
АҚШ пен Иран арасындағы ядролық келіссөздердің келесі раунды жақын күндері өтеді. Вашингтонның ұсынысын қабылдамаған Иран өз ұсынысын дайындап жатыр.
Аймақтағы шиеленіс халықаралық қауымдастықты алаңдатып, мұнай нарығы мен геосаяси тұрақтылыққа тікелей әсер етті.