Тоқаев Мәскеуде Қырғыз президентінен әкесіне қатысты күтпеген жаңалық естіді

Автор: Бақыт Шынар

Бішкектегі гимназияға Кемел Тоқаевтың аты берілді

Фото: Facebook/Руслан Желдібай

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназиясына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі – Кемел Тоқаевтың есімі берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Қырғыз президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзовке сілтеме жасай отырып жергілікті «Кабар» агенттігі жазған.

«Қырғыз президентінің баспасөз хатшысы қазақ жазушысы, қазақ прозасындағы детектив жанрының негізін қалаған Кемел Тоқаевтың есімін беру туралы бастама Садыр Жапаровтікі екенін атап өтті. Асхат Алагөзовтың айтуынша, Садыр Жапаров Ресей Федерациясына жасаған жұмыс сапары кезінде бұл жаңалықты Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіне жеке хабарлаған», - деп жазады ақпарат агенттігі.

Айта кетері, соғыс жылдары бұл мектеп Фрузен әскери училищесі болған, ал Кемел Тоқаев сол училищені тәмамдаған. Кемел Тоқаев соғысқа осы оқу орнынан аттанған.