08.05.2025, 23:13
Саясат
Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс: Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Сыртқы саяси ведомство барлық мүдделі тарапты барынша ұстамдылық көрсетуге шақырды
Фото: СІМ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты терең алаңдаушылық білдіреді», - деп жазылған хабарламада.
Сыртқы саяси ведомство барлық мүдделі тарапты одан әрі шиеленіске жол бермеу үшін барынша ұстамдылық көрсетуге шақырды.
«Қазақстан халықаралық және өңірлік қақтығыстарды халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді жақтайды», - деп түйіндеді СІМ.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 21:19
Кешкі серуен қайғылы аяқталды: Toyota Camry екі адамды қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды