07.05.2025, 20:00
Саясат
Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Федералдық канцлері болып сайлануымен құттықтады
Президент екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Федералдық канцлері болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлері сайлауында жеңіске жеткен Фридрих Мерцке құттықтау жеделхатын жолдады.
«Президент екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің ауқымы кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтіп, қазақ-герман ынтымақтастығының жоғары қарқынын сақтау үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін растады», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды