06.05.2025, 14:44
Саясат
Қазақстан мен Вьетнам арасында қандай құжаттарға қол қойылды
Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы Астанаға мемлекеттік сапармен келді
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы То Лам келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сондай-ақ ресми делегация мүшелері мынадай құжаттармен алмасты:
- Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Ғылым және технология министрлігі арасында технология, инновация және цифрлық трансформация салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум;
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасында 2025-2027 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум;
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасында 2025-2027 жылдарға арналған спорт саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Әділет министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
- Қызылорда облысы әкімдігі мен Хынг Йен провинциясы арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум;
- «Самұрық-Қазына» АҚ мен Sovico Group арасында Qazaq Air АҚ акцияларын сатып алу мәмілесін аяқтауды растау туралы акт;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Petrovietnam Exploration Production компаниясы арасында геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадио кешені мен Вьетнамның ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.
Айта кетері, Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам келді.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 16:02
Павлодарда дәрігерлер пойыз астына түскен жас жігіттің бір аяғын кесіп алып тастады: ол бәрібір қайтыс болды
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады