$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Қордай, Ұйғыр және Сайрам аудандарында Ассамблея ашу мәселесіне тоқталды

Бүгін Астанада Ассамблеяның XXXIV сессиясы өтіп жатыр

Тоқаев Қордай, Ұйғыр және Сайрам аудандарында Ассамблея ашу мәселесіне тоқталды
Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан халқы ассамблеясының XXXIV сессиясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында Достық үйі мен тағы бір қатар оңтүстік аудандарда Ассамблея ашу керегін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ең алдымен Ассамблеяның осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарына баға берген президент осы ұйымның алдында тұрған ендігі міндеттерді тізіп өтті.

«Біріншіден, Ассамблея аймақтардағы жұмысты жандандыруы керек. Былтыр еліміздің рухани және тарихи-мәдени ордасы – Түркістанда жаңа Достық үйі ашылды. Енді осындай Достық үйін халық тығыз қоныстанған Алматы облысында салу қажет. Бұл ғимарат аймақтың қоғамдық өмірі үшін өте маңызды орталық болмақ. Түрлі этнос өкілдері тұратын Қордай, Ұйғыр, Сайрам, Панфилов және басқа да аудандарда Ассамблея ашу керек. Сонымен қатар Достық үйлері тағы бірнеше қала мен аудан орталығында ашылады деп жоспарланып отыр. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Біз қоғамдық келісім инфрақұрылымын біртіндеп кеңейте беруіміз керек. Барлық аймақтағы Достық үйлерін өз азаматтарымыз да, қажет болып жатса, шетелдік қонақтар да баратын туристік бағыттар картасына енгізген жөн. Құзырлы орган басшылары мен әкімдер Ассамблеяның этномедиация саласындағы жұмысына жан-жақты қолдау көрсетуге тиіс», - деді Тоқаев.

Екіншіден, президент атап өткендей, ақпараттық кеңістікте бірлік мен келісім идеяларын кеңінен дәріптеу маңызды.

«Бұл – Ассамблеяның барлық құрылымына, әсіресе, журналистер клубына қатысты кезек күттірмейтін міндет. Салалық министрлік, өңір әкімдері ҚХА журналистер клубының құрамына жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қосып, клуб жұмысының бірыңғай алгоритмін жасауы керек. Қазақстандағы этностардың тілінде шығатын, ең алдымен, өңірлердегі бұқаралық ақпарат құралдарына жүйелі түрде қолдау көрсеткен жөн», - деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары