Ерлан Байтұқбаев бұған дейін Қауіпсіздік кеңесінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚР Қауіпсіздік кеңесі төрағасының шешімімен Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды, ол ҚР Қауіпсіздік кеңесінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды.
Сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының шешімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты, Шоқан Жанатұлы Елшібеков ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды.
Ерлан Байтұқбаев 1969 жылы дүниеге келген. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
Әр жылдары прокуратурада, министрліктерде жетекші қызметте болған.