$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2020, 15:13
Саясат

«Әйелдер мен балалардың үйілген сүйектері табылды»: депутаттар ашаршылықты геноцид деп тануды талап етті

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

«Әйелдер мен балалардың үйілген сүйектері табылды»: депутаттар ашаршылықты геноцид деп тануды талап етті
Фото: ашық дерек көзінен

Тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін «Ақ жол» демократиялық партиясы қазақ жерінде большевиктердің тоталитарлық билігі ұйымдастырған ашаршылыққа ресми түрде «геноцид» деп құқықтық баға беруді талап етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мысалы, әлем «геноцид» деп мойындаған Украинаның «Голодоморы» кезінде 3 миллион 900  мың адам қаза тапқан. Ал сол украиналық сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда 4 миллионнан астам адам ашаршылықтың құрбаны болған. Соның салдарынан қазақ елінің саны 70 пайызға азайып кетті. Осыған байланысты, еліміздің Сыртқы істер министрлігі ашаршылық мәселесін геноцид ретінде халықаралық деңгейде (Біріккен Ұлттар Ұйымы, ОБСЕ, АҚШ Конгрессі, Европарламент) мойындату жұмыстарын бастауы керек деп ойлаймыз», - деді Үкіметке партия атынан сауал жолдаған депутат Берік Дүйсенбинов.

Оның айтуынша, бас көтерген қазақ руларын большевик әскерлері артиллериямен атқылап, қашып бара жатқан ауылдарды аэропланмен бомбалап, шекарада ұсталған қорғансыз босқындарды бала-шағасымен қосып, пулемётпен қойша қырған.

«Мысалы, шығыстағы қазақ-қытай шекарасындағы атақты «Ақ-найман қырғыны» деген қанды оқиға ел есінде сақталса да, ресми түрде әлі мойындалмаған. Ал осы заставаның аты бертінге дейін сол қырғынды тікелей басқарған қызыл әскердің атымен аталып келді. Жергілікті қариялардың айтуынша, 2012 жылы «Қарасу» шекара пунктінің құрылысы кезінде Шу өзеннің жағасынан 30-шы жылдары атылған әйелдер мен балалардың үйіліп жатқан сүйегі табылған еді», - деді депутат.

Фракция ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін қайғысын терең ұғына отырып, Тұңғыш Президент Н. Назарбаев 30 жыл бұрын бастап берген құрбандарды ақтау жұмысы ашаршылыққа «геноцид» деп баға берілгенде ғана шын мақсатына жетеді деп санайды.

Серіктес жаңалықтары