26.03.2025, 17:04
Саясат
Тоқаев Бангладеш президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Бүгін бұл елде Тәуелсіздік күні тойланып жатыр
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бангладеш президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тоқаев өз хатында Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен Бангладеш халқын осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Қазақстан Президенті жеделхатында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ынтымақтастық болашақта да қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне табыс, ал Бангладеш халқына құт-береке тіледі», - деп хабарлайды Ақорда.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
