Ердоған сәуір айында Трамппен кездесуді жоспарлап отыр

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол бірқатар дрон сатып алмақшы

Фото: TRT

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ-қа сапар жасап, Дональд Трамппен кездесу өткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Bloomberg агенттігі хабарлағандай, Түркия билігінің мәлімдеуінше, Ердоғанның АҚШ-қа сапарының негізгі мақсаты – F-16 жойғыш ұшақтарын сатып алу және F-35 бағдарламасына қайта қосылу мүмкіндігін талқылау.

Түркия 2019 жылы Ресейдің С-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алғаннан кейін F-35 бағдарламасынан шығарылған болатын.

Осыған дейін Ердоған Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, Вашингтонның Украинадағы қадамдарын қолдайтынын мәлімдеген. Сондай-ақ, Сириядағы дағдарысты шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға дайын екенін білдірген.