$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қандай мәселелерді қозғады

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазған

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қандай мәселелерді қозғады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында айтылған маңызды мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Желдібай атап өткендей, жиын барысында барлық салалық ведомствоның атына сын-ескертпелер айтылып, егжей-тегжейлі талқылау өткен.

«Мемлекет басшысы экстремизм мен терроризмге қарсы күресті және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған үйлесімді жұмысты күшейту қажет екеніне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде жұмысты ұйымдастырудың аса маңыздылығын атап өтіп, аталған салалардағы жағдайға талдау жасады», - деп жазды Желдібай.

Сонымен қатар, оның айтуынша, президент азық-түлік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, ел азаматтарын алаңдататын мәселелерді шешу үшін цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні дамытудың өзектілігіне тоқталған.

«Мемлекет басшысы барша қоғамның мүддесі үшін Үкіметке Әділетті Қазақстанды құру бағдарламасын іске асыруға күш салуды тапсырды», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары